spot_img
spot_img
HomeCпортҚазақстан чемпионаты: Жаңақорғандық Риза Изахар – чемпион

Қазақстан чемпионаты: Жаңақорғандық Риза Изахар – чемпион



Астана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен U-20 жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңақорғандық спортшы Риза Изахар топ жарып, ел чемпионы атанды. Жас балуан финалдық белдесуде табандылық пен қайсарлық танытып, алтын жүлдені иеленді.


Финал аса тартысты өтті. Жанкүйерлердің тақымды қысып, тағат таппай күткен сәттері жеңіспен түйінделді. Риза Изахар осылайша ел біріншілігінің ең жоғары тұғырынан көрініп, аудан мерейін үстем етті.
Сондай-ақ, осы чемпионатта тағы бір жерлесіміз Асылбек Құтынбеков күміс жүлдегер атанды. Екі бірдей жүлде – өңір спорты үшін зор жетістік.
Жас спортшылардың табысты өнер көрсетуіне еркін күрес бапкерлері, атап айтқанда Ильман Изатов бастаған жаттықтырушылар құрамының еңбегі зор. Бүгінгі жеңіс – жүйелі дайындық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Айта кетейік, бұл жетістік – қазақ күресінің даңқты өкілдері Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербаев сынды саңлақтардың ізін жалғаған жас буынның жарқын жеңісі.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР