Бірқатар шетелдік БАҚ-та қақтығыс кезінде қаза тапқан Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Иранның жаңа жоғарғы көсемі болатыны туралы ақпарат жарияланды, алайды бұл ресми түрде расталған жоқ.

Хаменеидің мұрагерінің сайлануы туралы ақпаратты Iran International басылымы таратты.
Сондай-ақ The New York Times газеті Моджтаба Хаменеидің Иранның жоғарғы көсемі болып тағайындалғаны туралы хабарлады. Басылымның мәліметінше, Иранның жоғарғы көсемін таңдауға жауапты жоғары лауазымды діни қызметкерлер сейсенбіде соны талқылау үшін бас қосты. Осы талқылаудан хабары бар үш ирандық шенеуніктің айтуынша, қаза тапқан бұрынғы көсем аятолла Әли Хаменеидің ұлы айқын фаворит болып шықты.
Дереккөздерде дін қызметкерлері сәрсенбі, таңертең Хаменеидің ұлын мұрагер етіп тағайындауды қарастырып жатқанын, бірақ кейбірі «ол АҚШ пен Израильдің нысанасына айналуы мүмкін» деп алаңдаушылық білдіргені жазылған.
Сонымен қатар DW Ирандағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Моджтаба Хаменеидің Иран көшбасшысы болып сайлануы мүмкін екені туралы хабарлады.
Басылымның мәліметінше, бұл шешімді ИРСК қысымымен шиит дінбасыларының 88 өкілінен тұратын кеңес қабылдаған.
стеріңізге сала кетейік, 1 наурызда Иран мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.



