spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарСемейде балалар ойын-сауық орталығынан өрт шықты: 11 адам дәрігер көмегіне жүгінген

Семейде балалар ойын-сауық орталығынан өрт шықты: 11 адам дәрігер көмегіне жүгінген

Кеше кешке Семейде балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты. 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, адамдар өздігінен эвакуация жасаған

Облыстық ПД баспасөз қызметініңмәліметінше, 3 наурызда сағат 19:10-да «102» арнасына Семей қаласында орналасқан «Бала Парк» балалар ойын-сауық орталығындағы өрт туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметтерінің өкілдері жетті.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аумақ қоршауға алынды.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен жану аумағы анықталып жатыр», — деді ПД өкілдері.
ТЖМ мәліметінше, ТЖ күш-құралдары оқиға орнына 6 минут ішінде барды. Оқиға орнына жеткен сәтте ғимаратта өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша адамдар өздігінен эвакуацияланған.
ТЖМ жедел штабы құрылды. Оқиға орнында ТЖМ жеке құрамынан 120 адам мен 21 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 21:02-де оқшауланды. 22:10-да өрттің толық сөндірілгені белгілі болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 4 наурыз, сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 11 адам, оның ішінде 6 бала медициналық көмекке жүгінген.
«1 бала Семей медициналық университетінің госпиталіне жатқызылды. 3 бала амбулаториялық емге жіберілді.
7 ересек адамның төртеу «Бүйрек орталығы» мекемесіне жатқызылды. 2 адамды дәрігер қарады, 1 адам қаралудан бас тартты», — делінген жазбада.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР