АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соғыс, оның пікірінше, аяқталуға жақын екенін айтты. Бұл туралы ол CBS News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды jaqtime.kz

Трамптың айтуынша, Иранның әскери әлеуеті едәуір әлсіреген.
– Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот жоқ, байланыс жоқ, авиация жоқ. Зымырандарының саны да аз ғана мөлшерде қалды, – деді Трамп.
Ол сондай-ақ Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен оларды өндіретін нысандарды жою жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.



