spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарМәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды

Бүгін Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс паркі аумағында «Наурызнама» онкүндігінің «16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай ұйымдастырылған «Санамызды сергіткен салт-дәстүрім — Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.


Шарада ұлттық өнеріміз дәріптеліп, әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері насихатталып, ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен дәріптелді.


Бірлік пен берекені арттыратын осындай игі шаралар жалғаса береді. Ұлыс оң, Ақ мол болсын!

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР