spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарШиелі ауданындағы референдум учаскелері ұлттық нақышта безендірілді

Шиелі ауданындағы референдум учаскелері ұлттық нақышта безендірілді

Шиелі ауданында Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум ерекше белсенділікпен өтуде. Маңызды саяси науқан Наурыз мейрамының қарсаңымен тұспа-тұс келуіне байланысты, аудандағы референдум учаскелері ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындар кеңінен насихатталуда.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков №287 учаскеде өз таңдауын жасап, жалпы аудан бойынша 40 учаскеде 49 167 сайлаушының дауыс беруіне барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Халықтың қатысуын жеңілдету үшін қоғамдық көліктер тегін қатынап, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инвотакси қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері автоволонтер ретінде қариялар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарды учаскелерге жеткізіп, белсенді көмек көрсетуде.

Ел болашағына бейжай қарамайтын өнер ұжымдары мен көпбалалы әулеттер де бұл шарадан тыс қалмады.

Мәселен, Ақтоған ауылдық округіндегі Ізтілеуовтер әулетінің 9 келіні бірге келіп дауыс беріп, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР