Қызылорда қаласында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі Сырдың сол жағалауындағы «Қайсар Арена» стадионы маңында кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара өңір тұрғындары мен қала қонақтарын бір алаңға жинап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының Достық ауылына түрлі этнос өкілдері келіп, белсене қатысып, татулық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері мен Ассамблея жастарының белсенділері де мерекенің мазмұнды өтуіне үлес қосты.
Салтанатты жиында Славяне этномәдени орталығының мүшесі Ирина Ащеулова және Достық үйіндегі домбыра үйірмесінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.




