HomeЖаңалықтарЭтномәдени бірлестіктер абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізді
Этномәдени бірлестіктер абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізді
Jaqtime.kz. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында этномәдени бірлестіктер экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Еліміздің әр өңірінде 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Акция қорытындысы бойынша шамамен 31,5 тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, 2 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Волонтерлер Достық үйлерінің аумағын, этноауылдарды, сондай-ақ киелі және тарихи-мәдени орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлді.
Мұндай бастамалар экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, өзара көмек пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.