spot_img
spot_img
HomeБілімИнжинирингтік паркте заманауи зертханалар орналасады

Инжинирингтік паркте заманауи зертханалар орналасады

Jaqtime.kz.  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Наурызбай Байқадамов инжинирингтік парк жобасына өзгерістер енгізу жөнінде жиын өткізді. 2409 шаршы\метр аумаққа салынатын нысанға зертханаларды орналастыру мәселесі тиісті мамандар тобымен талқыланды. Қазіргі таңда ғылыми-технологиялық орталықтың іргетасын құю жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


Айта кетейік, инжинирингтік паркте археология және «физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейінді зертханасы, жасанды интеллект және академиялық басымдық орталықтары, роботехника, жерді қашықтан зондтау, IT зертханалары орналасады. Сонымен қатар 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц зал және компьютерлік аудиториялар да қарастырылған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР