spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарВолонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға арналған шағын гранттар байқауы басталады

Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға арналған шағын гранттар байқауы басталады

Jaqtime.kz.Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталатынын хабарлайды. Жеңімпаздарға 3 айға дейінгі мерзімде жобаны жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржыландыру, сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіледі.


Гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:

волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;
инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
ауылдық жерлерді дамытуға арналған бастамалар – 18 грант.
Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуірден 30 сәуірге дейін қабылданады.

Байқауға келесі үміткерлер қатыса алады:

тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ);
волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар;
волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар.
Толық ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының www.cisc.kz сайтында («Гранттар» → «Шағын гранттар» бөлімі) орналастырылған. Мұнда байқау шарттары мен ұйымдастырушылар туралы мәлімет те берілген.


Байқауды гранттық жобаларды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастыруда.
Еске сала кетейік, өткен жылы 136 шағын грант аясында белсенді азаматтар мен ҮЕҰ өз жобаларын табысты түрде жүзеге асырды. Нәтижесінде еліміз бойынша 10 мыңнан аса азаматқа нақты көмек көрсетіліп, 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Жобалар аясында 5 мың ауыл тұрғыны қамтылып, 1 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат кәсіп игеріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар 4 мыңнан астам адам волонтерлік қызмет, алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайларда әрекет ету және қарттарға күтім жасау дағдыларын меңгерді.

Волонтерлердің белсенді қатысуымен 400-ге жуық ерікті археологиялық экспедициялар жұмысына тартылып, тарихи-мәдени мұра нысандарымен жүйелі жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ ветеринарлық көмекке мұқтаж 352 жануар қамтылып, экологиялық акциялар өткізіліп, 1 тоннадан астам қоқыс қалдығы жиналды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР