spot_img
spot_img
HomeCпортҚызылорда облысы ПД қызметкері халықаралық турнирде топ жарды

Қызылорда облысы ПД қызметкері халықаралық турнирде топ жарды

Jaqtime.kz. Қызылорда облысы ПД қызметкері халықаралық турнирде топ жарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.



Қызылорда облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Кемелбек Қабыланбек халықаралық деңгейдегі жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 7–15 сәуір аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында каратэден “Grand Prix Azerbaijan” халықаралық турнирі өтті. Ауқымды спорттық дода “Серхедчи” спорт орталығында ұйымдастырылып, оған 15 мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты. Тартысты бәсекеде Қабыланбек Кемелбек 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленді.

Бұл жеңіс – қызмет пен спортты қатар алып жүрген полицейдің кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындығының айқын дәлелі.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР