Jaqtime.kz.Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда күн суытатынын хабарлады.
«Қазгидромет» синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірлерінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі.
«Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға ұласуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін. Батыста барлық кезеңде қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. 16 сәуірде – оңтүстікте, 15-16 сәуірде – солтүстікте және елдің орталығында, ал 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», — деп хабарлады метеорологтар.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
батыста түнде +2…+10 градусқа дейін, күндіз +10…+15 градусқа дейін,
солтүстікте түнде -2…-8 градусқа дейін, күндіз 0…+7 градусқа дейін,
оңтүстікте түнде +3…+13 градусқа дейін, күндіз +8…+18 градусқа дейін.



