spot_img
spot_img
HomeБілімСтуденттердің кәсіби дамуына бағытталған бағдарлама

Студенттердің кәсіби дамуына бағытталған бағдарлама

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Информатика және АКТ» білім беру бағдарламасының 17 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде тәжірибе алмасуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге және халықаралық тәжірибе жинақтауға бағытталған. Бағдарлама аясында білім алушылар заманауи ақпараттық технологиялар, бағдарламалау және цифрлық жүйелер бойынша білімдерін жетілдіріп, шетелдік жоғары оқу орнының тәжірибесімен танысады.
Айта кетейік, Қорқыт ата университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асырып, студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуына қолдау көрсетіп келеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР