Jaqtime.kzМемлекет басшысының бастамасымен елімізде кеңінен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жаңақорған ауданында жаңа серпінмен жалғасын тапты.




Осы игі істің басы-қасында болған аудан әкімі Мажит Самитов экологиялық іс-шараға арнайы қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Салтанатты сәтте өңірдің дамуына тер төгіп жүрген бірқатар мекеме қызметкерлері мен белсенді азаматтарға арнайы Алғыс хаттар табыс етілді. 

Ауқымды акция барысында кенттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Ыдырысов та сөз сөйлеп, жиналған қауымға өзінің ізгі тілегін жеткізді. 

Айта кету керек, бұл жолғы тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар мен ардагерлер және жергілікті тұрғындар өте жоғары белсенділікпен қатысып, жалпы саны 500-ден астам адам жұмылдырылды.



