Jaqtime.kz Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі ұйымдастырған қоғамдық келісім, мәдениетаралық диалог және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналған семинарға қатысты.


М.Әзілханов елімізде 100-ден астам этнос өкілдері мемлекет дамуына өз үлесін қосып отырғанын, ал «Әралуандылықтағы бірлік» қағидаты қоғамдық тұрақтылық пен жалпыұлттық бірліктің берік негізі болып қала беретінін атап өтті.

Кездесу барысында корей этносының және Қазақстан корейлері қауымдастығының ел экономикасы, ғылымы, білімі мен мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі ерекше аталды.
Сондай-ақ іс-шарада Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің түрлі салаларда дәйекті түрде дамып келе жатқаны айтылды.
Осындай халықаралық алаңдар достықты, өзара құрметті және ашық диалог мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.



