spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтар154 адамды алдаған алаяққа үкім шықты

154 адамды алдаған алаяққа үкім шықты

Jaqtime.kz Қызылорда қаласының «А» есімді 32 жастағы тұрғыны интернет желісін пайдалану арқылы жасалған алаяқтығы үшін 2026 жылы 6 наурыздағы сот үкімімен 3 жыл 1 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.



«А» есімді азамат 2024 жылы алдын ала сөз байласқан адамдар тобы арқылы «Instagram» әлеуметтік желісінде «Dake.87089241173»деп аталатын жалған парақша ашып, бөтен адамдардың жеке деректерін пайдаланып, азаматтарды «Салған ақшаларын еселеп қайтарамын» деп алдап, «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы жәбірленушілердің қаражатын иемденген.

Нәтижесінде республика бойынша 154 адам алданып, келтірілген мүліктік залал 12 млн жуық теңгені құраған.


Басты сот талқылауында сотталған кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалды толығымен өтеуіне байланысты оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған, -делінген   облыстық прокуратураның хабарламасында.



Бүгінгі күні сотталған «А» тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда жазасын өтеуде.

Үкім заңды күшіне енген.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР