Jaqtime.kz Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта зейнетақыны қосымша индекстеу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.


Вице-министрдің сөзінше, зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын белгіленген тәртіппен қайта қаралады. Бұл ретте индекстеу әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген инфляция деңгейіне сәйкес жүргізіледі.
Барлық зейнетақы төлемдері жыл сайын әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес индекстеледі. Бұл құжатта инфляция өсімінің орташа болжамды деңгейі айқындалады. Ал қосымша индекстеу жекелеген кезеңдерде және тек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады, – деді Виктория Шегай.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қосымша индекстеу мәселесін қарастыру жоспарда жоқ.



