spot_img
spot_img
HomeБілімӘлемнің 80 үздік университетінен шақырту алған мақтааралдық түлек

Әлемнің 80 үздік университетінен шақырту алған мақтааралдық түлек

Jaqtime.kz Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам ұсыныс алып, өз білімінің бәсекеге қабілетті екенін әлемдік деңгейде дәлелдеді.

Беделді халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, арнайы оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған. Медина халықаралық IELTS және SAT емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің маңдайалды оқу орындарына түсуге қажетті жоғары академиялық дайындық деңгейін көрсетті. Мектеп қабырғасында ол әрдайым үздік оқушылардың қатарынан көрініп, ғылыми, зияткерлік және қоғамдық жобаларға белсенді қатысқан.

Атап айтқанда, ағылшын тілі пәнінен «Жасанды интеллект – ғылыми зерттеудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда І орын иеленіп, республикалық «Ой зерек» олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Қазіргі таңда Нұрәлі Медина өзіне ұсынылған көптеген мүмкіндіктің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниет білдіріп отыр. Ол шетелде сапалы халықаралық білім алып, болашақта жинаған мол тәжірибесі мен терең білімін туған елінің игілігіне жұмсауды мақсат етеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР