spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарБайқоңыр әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналады

Байқоңыр әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналады

Jaqtime.kz Қазақстанның туризм саласында үлкен серпіліс күтілуде: аты аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағы еліміздің саяхат индустриясын жаңа деңгейге көтеретін басты орталықтардың біріне айналмақ.

ҚР Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта жүйелі жұмыстарды бастап кетті. Премьер-Министрдің тапсырмасымен бекітілген Байқоңыр кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, бірегей туристік өнім қалыптастыруды көздейді. Ең бастысы, бұл құжат бұрын жабық әрі қолжетімсіз көрінген ғарыш әлемінің есігін саяхатшылар үшін айқара ашпақ.

 


Бұл бағыттағы алғашқы маңызды қадамдардың бірі — шетелдік қонақтар үшін рұқсат беру рәсімдерінің айтарлықтай жеңілдетілуі. Енді қажетті құжаттарды рәсімдеу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл шешім шетелдік туристердің кешенге келуін жеделдетіп, зымырандар мен ғарыш аппараттарының ұшырылымын өз көзімен көргісі келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, Қазақстанның қарамағына бірқатар маңызды нысандардың берілуі туризмнің көкжиегін кеңейте түсті. Енді еліміздің меншігіндегі Гагарин ұшу алаңы, монтаждау-жанармай құю кешені және динамикалық сынақтар стенді сынды тарихи орындар саяхатшылар ағылатын басты тартымдылық нүктелері болмақ. Ғылымға, технологияға және ғарыш тарихына қызығатын әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар үшін бұл нысандардың туристік әлеуеті өте жоғары. Қазіргі уақытта аталған нысандарды жаңғыртып, заманауи инфрақұрылым құруға дайын инвесторлар үшін арнайы инвестициялық ұсыныстар әзірленіп қойды.

Жобаның тағы бір ерекшелігі — тек зымыран ұшатын сәттерде ғана емес, ұшырылымдар арасындағы кезеңде де оқиғалы туризмді (event tourism) дамытуға басымдық берілуінде. Бұл бастама жыл бойы тоқтаусыз туристік ағын қалыптастыруға және кешеннің инфрақұрылымын үзіліссіз, тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР