Jaqtime.kz 2026 жылғы 10 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Этносаясаттану: бес жылдық даму мен жаңа мүмкіндіктер» атты мерейтойлық іс-шара өтті.

Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар, сарапшылар, халықаралық серіктестер, студенттер мен түлектер қатысты.
Шара барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ғылыми еңбектері мен магистрлік диссертациялар көрмесімен танысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бағдарламаның қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосатын мамандар даярлаудағы маңызын атап өтті. Ал кафедра меңгерушісі Наталья Калашникова бес жылдағы негізгі нәтижелер мен жетістіктерді таныстырды.
Іс-шарада Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев пен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова құттықтау сөз сөйлеп, бағдарламаның сарапшылық ортаны дамытудағы рөлін жоғары бағалады.
Сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Болгариядағы серіктес ұйымдардың бейнеқұттықтаулары көрсетілді. Шетелдік ғалымдар халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Мерейтой аясында түлектер өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент» докторлық бағдарламасының алғашқы түлектерін марапаттау рәсімі өтті.
Бес жыл ішінде «Этносаясаттану» бағдарламасы этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім және бірлік саласына мамандар даярлайтын маңызды академиялық алаң ретінде қалыптасты



