spot_img
spot_img
HomeҚызылордаАрал ауданыАралда мүгедектігі бар 264 азамат заңды көмегін ала алмай келген

Аралда мүгедектігі бар 264 азамат заңды көмегін ала алмай келген

Jaqtime.kz Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше Арал ауданы прокуратурасы денсаулық сақтау саласына жүргізген ауқымды талдау барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық көмек көрсетуде бірқатар күрделі заңбұзушылықтарды анықтады.



Тексеріс нәтижесінде бейінді мамандардың тарапынан созылмалы аурулары бар азаматтарды жоспарлы түрде қарап-тексеру талаптарының мүлдем сақталмағаны белгілі болды. Осындай салғырттықтың салдарынан аудандағы 264 мүгедектігі бар азаматқа, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін 81 кәмелетке толмаған балаға тиісті деңгейде медициналық бақылау жасалмаған.

Сонымен қатар, аталған аймақта ангиохирург маманының тапшылығы мен мүлдем болмауы кесірінен тағы 38 тұрғын өзіне аса қажетті медициналық қараудан өте алмай, уақытылы көмектен қағылған. Бұл келеңсіз фактілердің барлығы мүгедектігі бар азаматтардың мемлекет тарапынан берілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін кедергісіз алу заңды құқықтарының тікелей бұзылуына әкеп соқты.

Орын алған заңсыздықтардан кейін прокурорлық қадағалау актісі негізінде шұғыл түрде тиісті шаралар қабылданып, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы барлық құқықтары толығымен қалпына келтірілді.


spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР