spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарӘлеуметтік желідегі жазба үшін жаза бар

Әлеуметтік желідегі жазба үшін жаза бар

Jaqtime.kz Қазақстанның Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде арандатушылық жасау, араздық қоздыру және заңсыз контент тарату заңмен жазаланатынын еске салды.



Ведомствоның мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін 8,65 млн теңгеден 30,28 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы немесе 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық құрам болмаса да, онлайн-платформаларда заңға қайшы контентті орналастыру немесе тарату үшін 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Жалған ақпарат таратқандар да әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бас прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілерде ақпарат жариялау кезінде сақ болуға, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР