spot_img
spot_img
HomeБілім2026 жылғы білім гранттарының иегерлері бүгін анықталады: Нәтижелерді қайдан көруге болады?

2026 жылғы білім гранттарының иегерлері бүгін анықталады: Нәтижелерді қайдан көруге болады?

Jaqtime.kz Бүгін, 7 тамыз күні сағат 15:00-де мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының ресми қорытындысы жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап, көптеген талапкер мен ата-ананың асыға күткен сәті келгенін жеткізді.

Фото (ЖИ)


Конкурс нәтижелері министрліктің және ведомство басшысының ресми ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшаларында қолжетімді болады. Талапкерлер тізімді Үкімет порталы, министрліктің ресми Telegram каналы, Facebook пен Instagram желілеріндегі парақшалары арқылы тексере алады. Оған қоса, ақпаратты ведомство басшысы Саясат Нұрбектің жеке интернет-ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан да табуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=ru

https://t.me/gylym_jogary_bilim

https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim

https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

https://t.me/SayasatNurbekOfficial

https://www.facebook.com/sayasat

https://www.instagram.com/sayasatnurbek/


Биылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге шамамен 233 мың талапкер қатысқан болатын. Олардың 76 пайызы шекті балды сәтті еңсеріп, мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға ресми түрде құқық иеленді.

Еске сала кетейік, грант иегері атанған немесе өз қаражатымен оқуға түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР