spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданы«Дін мен дәстүр – ұлт тәрбиесінің негізі»: Жаңақорғанда мақала жазу байқауы өтеді

«Дін мен дәстүр – ұлт тәрбиесінің негізі»: Жаңақорғанда мақала жазу байқауы өтеді

Жаңақорған ауданының жастары мен тұрғындары арасында ұлттық руханиятты, отбасылық құндылықтар мен халқымыздың салт-дәстүрін насихаттауға арналған «Дін мен дәстүр – ұлт тәрбиесінің негізі» атты аудандық мақала жазу байқауы жарияланды.

Байқаудың басты мақсаты – ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлтаралық келісімді нығайту және жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау.Қатысушыларға қойылатын талаптар мен бағыттар: Байқауға ауданның барлық жастары мен тұрғындары қатыса алады.

Ұсынылатын мақалалар төмендегі тақырыптардың бірін немесе бірнешеуін қамтуы тиіс:

Ұлттық және отбасылық құндылықтар;

Діни жоралғылардың ұрпақ тәрбиесіне әсері;

Дін мен дәстүрдің сабақтастығы;

Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тіл;

Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім;

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани мұрасы.

Негізгі талаптар:Мақала көлемі кемінде 3–4 бет болуы тиіс. Жұмыс тек автордың жеке шығармашылық еңбегі болуы шарт.Интернет желісінен, әлеуметтік желілерден немесе кітап қорынан көшірілген (плагиат) материалдар байқауға қабылданбайды.

Жұмыстарды бағалау және марапаттау

Қатысушылардың жұмыстарын облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары қатысатын арнайы сараптау комиссиясы бағалайды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесі қаржылай сыйлықтармен марапатталады:

Орын / Марапат түрі

Сыйлық мөлшері

І орын — 12 АЕК

ІІ орын — 7 АЕК

ІІІ орын — 5 АЕК

Ынталандыру сыйлығы (2 қатысушыға) кемінде 3 АЕК

Естелік сыйлықтар кемінде 2 АЕК

Сондай-ақ үздік деп танылған мақалалар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, авторлары арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қабылдау мерзімі: 10.08.2026 – 10.09.2026 жылдар аралығында.

Мақалаларды жіберу поштасы: asylmuraorda@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 707 417 19 89

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР