spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарАбаймен өрілген рухани кеш

Абаймен өрілген рухани кеш

Жаңақорған кенті орталығындағы «PRIME PARK» саябағында қазақтың ұлы ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының бай шығармашылығы мен өлшеусіз рухани мұрасына арналған «Қазақтың қасиетін тану – Абайды танудан басталмақ» атты салтанатты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Тағылымды рухани шараның басты мақсаты – ұлы ақынның даналыққа толы шығармашылық мұрасын халық арасында кеңінен насихаттау, Абайдың терең ойлары мен асыл сөздерін жас ұрпақтың санасына берік сіңіру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

Кеш барысында ауданның жезтаңдай өнерпаздары Абайдың жүрек қылын шертер сырлы өлеңдері мен әуезді әндерін асқан шеберлікпен орындап, жиналған көрермен қауымға ерекше рухани әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шарада ақынның адамгершілікке, білім мен ғылымға, адал еңбек пен елдікке шақырған терең фәлсафалық идеялары кеңінен баяндалды. Сонымен бірге, осы айтулы кеш аясында Абай Құнанбайұлының ғибратты өмірі мен бай шығармашылық жолынан сыр шертетін арнайы кітап пен сурет көрмесі ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды.
Хакім Абайдың дара мұрасы – бүкіл халқымыздың баға жетпес рухани темірқазығы, ал Абайды тану мен ұғыну – ұлттың шынайы болмысын танудың ең басты кілті. Сондықтан бабамыздың ұлы мұрасын ұлықтап, кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аманат етіп жеткізу – баршамызға ортақ перзенттік әрі азаматтық міндет.
Аудан жұртшылығы ұлы ақынның рухына тағзым етіп, оның даналық сөздерінен рухани азық алды, бұл кеш елдің бірлігі мен ұлттық санасын бұрынғыдан да шыңдай түскен мәнді шараға айналды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР