spot_img
spot_img
HomeБілімМектеп формасы: Ереже бұзған ата-аналарға қандай айыппұл қарастырылған?

Мектеп формасы: Ереже бұзған ата-аналарға қандай айыппұл қарастырылған?

Jaqtime.kz Мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзып, білім беру ұйымына діни сипаттағы киіммен немесе бас киіммен келген оқушыларға қатысты қолданылатын шаралар туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялары қызметі алаңында өткен брифингте түсіндірді.

Фото (ЖИ)

Оның айтуынша, мектеп формасына қойылатын жалпы талаптар Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығымен белгіленген және қолданыстағы талаптарға сәйкес білім беру ұйымының ішінде бас киім киюге жол берілмейді. Бұл талаптарды бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Вице-министр талап бұзылған жағдайда мектеп бірден жазалау шарасына жүгінбейтінін, алдымен әлеуметтік педагог пен сынып жетекшісі ата-анамен түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті. Баланы мектепке қабылдаған кезде ата-аналар білім беру ұйымының жарғысымен танысып, белгіленген талаптарды сақтауға міндеттеледі, сондай-ақ мектеп пен ата-ана арасында тараптар сақтауға тиіс талаптар нақты көрсетілген келісім жасалады.

Шынар Ақпарова ата-аналар мен баланың заңды өкілдері білім беру саласындағы заңнамада және мектеп жарғысында белгіленген талаптарды сақтауға жауапты екенін айтты.

Журналистердің нақтылау сұрағына жауап берген бірінші вице-министр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 49-бабына сәйкес мұндай құқық бұзушылық үшін алдымен ескерту жасалатынын, ал егер ата-ана бір жыл ішінде осы құқық бұзушылықты қайта жасаса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылатынын жеткізді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР