spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтар600 ана мен бала заңды көмекке қол жеткізді

600 ана мен бала заңды көмекке қол жеткізді

Jaqtime.kz Қызылорда облысының прокуратурасының мәліметіне сәйкес  Байқоңыр қаласының прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау барысында қалалық аурухана қызметінде бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Атап айтқанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаңа туған нәрестелерге берілуі тиіс «Ана мен бала қобдишаларымен» толық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмағаны белгілі болды. Яғни, қала тұрғындары жүктілік кезеңінде жергілікті медициналық ұйымда бақылауда болып, алайда босанғаннан кейін аналарға заңда көзделген дәрі қобдишалары берілмеген.

Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың, оның ішінде нәрестелердің конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырды. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде тиісті шаралар қабылданып, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді және 600 ана мен бала тиісті «Ана мен бала қобдишаларымен» толықтай қамтамасыз етілді. Әлеуметтік маңызы бар салалардағы заңдылықтың сақталу мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында қала береді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР