Jaqtime.kz Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы цифрлық тексерістер нәтижесінде жүйеден 400 мың өзектілігін жоғалтқан пациент картасы алынып тасталып, 31 млрд теңге көлеміндегі негізсіз шығындардың алдын алды.

Науқастың жүгінуінен бастап төлем жасауға дейінгі процесті қамтитын жаңа бірыңғай тізбек арқылы төлем жасау кезінде кемшіліктерді анықтау деңгейі 3,5 есеге артты. Мәселен, медициналық қызметтерді негізсіз тұтыну 7,1%-ға (шамамен 7 млрд теңге) төмендеп, 10,6 млрд теңгенің негізсіз көтеру фактілері анықталды, ал жан басына шаққандағы норматив бойынша белсенді емес алушылардың үлесі 3,2 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар цифрлық бақылау арқылы лицензиясыз жұмыс істеген 40-қа жуық ұйым әшкереленіп, олардың 5-інің қызметі тоқтатылды, сондай-ақ сертификат мерзімі өткен 2 мыңнан астам маман анықталып, 50-ден астамы жұмыстан шеттетілді.
Бұл шаралар денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурын құрып, бөлінген қаржының әрбір теңгесі пациентке көрсетілген нақты әрі сапалы көмекке жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.



