Jaqtime.kz А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының әлеуметтік желідегі ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы күніне арналған салтанатты шаралар барысында мегаполистің өркендеуі мен дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Жоғары марапатқа ие болғандардың қатарында белгілі ғалым-хирург, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы Болатбек Бимендеевич Баймаханов бар.

Құрметті атақ пен куәлікті иегерлерге Алматы әкімі салтанатты жиында табыстады. Қала басшысы отандық медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ғалым-хирургтің еңбегін ерекше атап өтті.
Бұл марапат қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өміріне өлшеусіз үлес қосқан, кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге жеткен азаматтардың еңбегін бағалаудың және құрмет көрсетудің жарқын көрінісі болып табылады.



