spot_img
spot_img
HomeCпортҚызылордалық палуандар Ақтөбедегі V жазғы жасөспірімдер ойындарында топ жарды

Қызылордалық палуандар Ақтөбедегі V жазғы жасөспірімдер ойындарында топ жарды

Jaqtime.kz Ақтөбе қаласында ауыл жасөспірімдері арасында өткен V жазғы ойындар өз мәресіне жетіп, тартысты бәсекеде Қызылорда облысының еркін күрес командасы командалық есепте екінші орынды еншіледі.

Осы орайда Жаңақорған ауданының спортшылары да жалпы командалық табысқа өз үлестерін қосып, өңір намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, құрама сапында өнер көрсеткен №7 спорт мектебінің спортшысы, жаңақорғандық Жұмаділла Заңғар 80 кг салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, 1-орынды жеңіп алды. Жас палуанның бұл жарқын жеңісі — команданың жаттықтырушысы әрі жетекшісі Ильман Изатовтың және жаттықтырушылары Абилов Ғабит пен Шағапұлы Азаматтың жүйелі еңбегі мен білікті жұмысының нәтижесі.

Жергілікті спортшылардың бұл жетістігі аудандағы еркін күрес мектебінің әлеуеті мен болашағы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР