Jaqtime.kz Қазақстан экономикасының көлемі бойынша әлемдік рейтингте 47-орынға көтерілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде мәлімдеді.

Фото (Ақорда)
Президенттің айтуынша, Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтайды. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 19 мың доллардан асады.
– Осы орайда әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оларды жаңғыртуға ерекше мән береміз. Бұған біздің күшіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасының көлемі бірқатар халқы әлдеқайда көп мемлекеттердің көрсеткішінен жоғары екенін атап өтті.



