15–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында стенд ату спорт түрі бойынша Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қызылордалық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы саны жеті жүлдеге ие болды.Жерлестеріміздің қоржынында – 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
• 🥇 Айсалбаев Әлішер – І орын (ерлер, дубль-трап)
• 🥇 Коломоец Максим – І орын (ерлер, дубль-трап, командалық есеп)
• 🥇 Айсалбаев Асылхан – І орын (жасөспірімдер, жеке есеп, Азия рекорды және Әлем рекорды)
• 🥈 Досмагамбетова Айжан – ІІ орын (ересектер, командалық есеп)
• 🥈 Айсалбаев Асылхан – ІІ орын (юниорлар, жалпы командалық есеп)
• 🥉 Досмагамбетова Айжан – ІІІ орын (ересектер, микс-трап)
Бұл жетістіктер Қызылорда облысы спортшыларының халықаралық деңгейдегі дайындықтарының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

