spot_img
HomeЖаңалықтарӨртке қарсы техника Қарқаралы ұлттық паркі мен Науырзым қорығына табысталды

Өртке қарсы техника Қарқаралы ұлттық паркі мен Науырзым қорығына табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын толық жаңарту, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін күшейту.
Ағымдағы жылы лизингтік қаржыландыру есебінен отандық өндірістегі өрт сөндіру техникасын жеткізу жоспарланған: 354 өрт сөндіру көлігі, 349 кіші орман патрульдік өрт кешені (КОПК), және 322 трактор.
Жыл басынан бері 136 КОПК және 60 трактор жеткізілді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР