spot_img
HomeМәдениетАстанада “Оғыз дала мәдениетінің іздері” атты халықаралық көрме өтті

Астанада “Оғыз дала мәдениетінің іздері” атты халықаралық көрме өтті

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Оғыз дала мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрменің ашылуы өтті.

Көрменің басты мақсаты – оғыз дәуірінің археологиялық және этнографиялық деректерін көрсету, мәдени код трансформациясын зерделеу және көшпелі халықтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін айқындау.

Шара барысында басқарма басшысы Ж.Сейілов сөз сөйлеп, Ұлттық музей ұжымына облыс әкімінің Алғысын және түркі елінен келген делегацияға күріштен жасалған «Қорқыт» картинасын сыйға тартты. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Байқадамов
Оғыз мәдениетінің тарихы туралы баяндады.

Көрмеде Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы мен оғыз тайпаларының Еуразия кеңістігіндегі рөлі, түркі әлемінің саяси, рухани және материалдық тарихына қосқан үлесі жан-жақты таныстырылды.

Жоба аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қорқыт Ата атындағы университет қорынан 300-ге жуық түпнұсқа жәдігер мен макет қойылды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР