spot_img
spot_img
HomeБілімГрант иегерлерінің есімі жарияланады

Грант иегерлерінің есімі жарияланады

Jaqtime.kz Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл туралы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, комиссия құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеген. Отырыста үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды, сондай-ақ сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне алғыс білдірілді.


Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады. Ал қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп күтіледі.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағ. 15.00-де министрдің және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

«Қымбатты талапкерлер! Алдарыңыздағы үлкен өмір жолы жарқын жетістіктерге, тың мүмкіндіктерге және толайым табысқа толы болсын! Еңбектеріңіз ақталып, армандаған мамандықтарыңыздың студенті атануларыңызға шын жүректен тілектеспін. Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарының қабырғасында жүздескенше!» – деп түйіндеді министр өз парақшасында.

https://www.instagram.com/sayasatnurbek/p/DbqUqKECPUm/?hl=ru

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР