spot_img
spot_img
HomeБілімМектеп рюкзагының салмағы қанша болуы керек?

Мектеп рюкзагының салмағы қанша болуы керек?

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға мектеп рюкзагын таңдау және оның салмағына қатысты негізгі талаптарды еске салды, деп хабарлайды JAQTIME.KZ.

Фото (ЖИ)
Ведомство мәліметінше, рюкзактың әдемі дизайны мен сыйымдылығы ғана емес, оның жеңілдігі, баланың бойына сәйкестігі және арқаға ыңғайлы орналасуы маңызды.
Мектеп рюкзагының рұқсат етілген салмағы:


ҚР Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, оқу құралдарының күнделікті ұсынылатын салмағы (рюкзактың өзін қоспағанда) жас ерекшеліктеріне қарай мынадай нормаларға сай болуы тиіс:


• 1–3 сыныптар — 2 килограмға дейін;
• 4–5 сыныптар — 2,5 килограмға дейін;
• 6–7 сыныптар — 3,5 килограмға дейін;
• 8–11 сыныптар — 4,5 килограмға дейін.


Сонымен қатар мамандар оқулықтар мен құралдарды қоса есептегендегі рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы тиіс екенін ескертеді. Мысалы, 30 кг салмағы бар оқушының сөмкесі 3 килограмнан аспауы қажет.
Сатып алу кезінде неге назар аудару керек?


Мамандар мектеп рюкзагын баламен бірге таңдап, оның бойына сәйкестігін арқалап көріп тексеруге кеңес береді. Негізгі сипаттамалар:


• Кең әрі жұмсақ иықбаулар (жүктемені біркелкі бөлу үшін);
• Тығыз арқа бөлігі (арқаның дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді);
• Иықбау ұзындығын реттеу мүмкіндігі;
• Жарық шағылыстыратын элементтер (қараңғы уақытта көріну үшін);
• Берік әрі су өткізбейтін материал.


Бос рюкзактың өзінің салмағы 1 килограмнан аспауы тиіс. Сөмке бала үшін тым үлкен болып, белден төмен түсіп тұрмауы керек.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР