spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданыЖаңақорғанда жаңа су тарату станциясы іске қосылды

Жаңақорғанда жаңа су тарату станциясы іске қосылды

Jaqtime.kz Қызылорда облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, Қызылорда облысының Жаңақорған кентіндегі «МАИ бекеті» шағын ауданында жаңа су тарату станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құны 1,1 миллиард теңгені құрайтын бұл маңызды әлеуметтік нысан прокуратура органдары мемлекетке қайтарған заңсыз активтердің қаражаты есебінен салынды.

Фото(ЖИ)

Ауқымды жобаның нәтижесінде Жаңақорған кентінің «МАИ бекеті» мен «Алтықрант» шағын аудандарында тұратын 2,5 мыңға жуық тұрғын сапалы орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтамасыз етілді. Айта кетейік, бұған дейін аталған аумақ орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмағандықтан, жергілікті тұрғындар жылдар бойы шахталық құдықтардың суын пайдалануға мәжбүр болған еді. Нысанның іске қосылуы көп жылдан бері қордаланған өзекті мәселені түбегейлі шешіп, халықтың сапалы ауыз суға қолжетімділігін арттырды.

Жалпы алғанда, қайтарылған активтер есебінен Қызылорда облысында қазіргі таңда 14,1 миллиард теңгені құрайтын 15 нысан толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мәселен, Арал ауданында құны 1,9 миллиард теңге болатын 25 орындық жаңа жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ бүгінгі таңда өңірде құны 22,3 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Мамандардың пікірінше, қайтарылған активтердің халық игілігіне жұмсалуы – қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қалпына келтірудің нақты көрінісі. Бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобалардың сапалы жүзеге асырылуы прокуратура органдарының қатаң және тұрақты бақылауында.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР