spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҮйді жөндеу кезінде шатырдан 5 миллион теңге табылды

Үйді жөндеу кезінде шатырдан 5 миллион теңге табылды

Jaqtime.kz Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің шатырынан 5 миллион теңгеден астам ақша табылды. Бұл туралы полиция бөліміне хабар түскен, — деп хабарлайды Polisia.kz

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тексеру барысында бірнеше пакетке салынған ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны анықтады. Белгілі болғандай, бұған дейін жанашыр ауыл тұрғындары қарт әйелдің үйін жөндеуге ерікті түрде көмектескен. Жөндеу жұмыстары кезінде олар шатырда жатқан ақшаны байқап қалған. Ал үй иесі бұл қаражатты жылдар бойы маңдай терімен жинағанын жеткізді.

Қазіргі таңда қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталғаннан кейін жиналған қаражат толығымен заңды иесіне қайтарылады.

Осы орайда полиция қызметкерлері азаматтарға ескерту жасайды: егер бөтеннің мүлкі немесе ақшалай қаражаты табылса, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Уақтылы жасалған хабарлама барлық мән-жайды жылдам анықтап, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғауға мүмкіндік береді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР