Jaqtime.kz Қазақстанда әскери қызметшілер, құқық қорғау және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 15 сәуірде күшіне енген жаңа заң нормаларына негізделген және оны іске асыру мақсатында Үкіметтің 2026 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңартылған қағидалары бекітілді.
(Фото ЖИ)
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан былай тұрғын үй төлемдерін дәстүрлі бағыттармен қатар, кейіннен сатып алу құқығымен баспананы жалға алуға және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезіндегі жарналарды төлеуге де пайдалануға болады.
Сонымен қатар жаңа құжатпен бұрын қолданыста болған бірқатар маңызды шектеулер алынып тасталды: енді тұрғын үйді жалға алу мерзіміне шектеу қойылмайды, жалдау шартын міндетті мемлекеттік тіркеу талап етілмейді, баспананы жалға алу немесе сатып алу кезінде жақын туыстармен мәміле жасауға рұқсат берілді және тұрғын үй алаңының 90 шаршы метрге дейінгі мөлшеріне байланысты төлем көлеміне қойылған шектеу өз күшін жойды.
Әскери қызметшілердің баспана жағдайын жақсартуға бағытталған бұл ережелерді пайдаланушылар үшін жыл сайынғы міндеттемелер де белгіленген, атап айтқанда, олар 25 қаңтарға дейін отбасы мүшелерінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы және арнайы шот бойынша банктік мәліметті төлем алу орнына өткізіп тұруы қажет.




