spot_img
spot_img
HomeTagsҚызылорда

Tag: Қызылорда

«Браконьер» іс-шарасы барысында Қызылордада заңсыз аңшылықтың 105 дерегі анықталды

Қызылорда облысында 20 қазан мен 19 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғатты қорғау, сондай-ақ заңсыз аңшылықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері аңшылықпен айналысатын азаматтардың атыс қарулары мен рұқсат құжаттарын мұқият тексеріп, құқықбұзушылықтардың жолын кесуге басымдық берді. Қызылорда облысы...

Ақмола және Қызылорда облыстарында жаңа ерікті өртке қарсы құралым пункттері ашылды

«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Ақмола және Қызылорда облыстарында жаңа ерікті өртке қарсы  құралым пункттері ашылды. Мәселен Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру пункті жұмыс істей бастады. Оның қызметі Бәйгеқұм, Жөлек, Талаптан және Ортақшыл ауылдарында...

“Қара сора-2025” жедел алдын алу шарасы қорытындыланды

Есірткімен күрес – заманауи қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта облыста 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Операцияның мақсаты – есірткі құрамындағы өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтау, жасырын егістіктер мен плантацияларды жою. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда...

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді. Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді. Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт...

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынды. Орталық 240 мегаватт электр қуатын және 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жобаның жалпы құны – 215 миллиард теңге. Жылу электр стансасы түркиялық Aksa Energy компаниясының инвестициясы есебінен...

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті. Президент аймақтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, алдағы уақытта да ауқымды жұмыс атқарылатынын айтты. Сондай-ақ бірқатар мәселе бойынша пікірімен бөлісті. – Дүние жүзіндегі ахуал баршаңызға жақсы мәлім. Әлемдегі жағдай бұлыңғыр, құбылмалы. Сондықтан, ең алдымен, жастарға...