spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақстанда антибиотиктерді рецептісіз сатқандарға салынатын айыппұл көбейді

Қазақстанда антибиотиктерді рецептісіз сатқандарға салынатын айыппұл көбейді

Jaqtime.kz Қазақстанда микробқа қарсы препараттарды босату тәртібінің сақталуына қатысты тексерулер жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз сатқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 38 хаттама толтырды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеден асты, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Фото (ДСМ сайты)

Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жыл сайын күшейтіліп келеді. Мәселен, салыстырмалы түрде айтсақ, 2023 жылы 3,5 миллион теңгеден астам сомаға 26 хаттама толтырылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 7,6 миллион теңгеден астам сомаға 45 хаттамаға жетті. Ал 2025 жылы 9,5 миллион теңгеден астам сомаға 59 хаттама жасалған болатын.

Бүгінгі таңда дәріханаларда дәрігердің рецептісінсіз сатуға жиі әрекет жасалатын антибиотиктердің қатарында «Азитромицин», «Цефтриаксон», «Цефазолин» және «Ципрофлоксацин» сияқты препараттар бар.

Мамандардың айтуынша, антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз өз бетінше қабылдау бактериялардың дәрілік препараттарға көнбеушілігінің (резистенттілік) қалыптасуына әкеп соқтырады. Соның салдарынан кейін инфекциялық ауруларды емдеу қиындап, аталмыш дәрілердің тиімділігі күрт төмендейді.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу және дәрілік препараттардың айналымын бақылауды одан әрі күшейту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық экономиканы дамыту орталығымен бірлесіп, жоғары тәуекел тобына жататын дәрілік заттарға міндетті электрондық рецепт енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жүйе тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесімен толықтай интеграцияланатын болады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР