Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады.
Мың орынға арналған көп функционалды Өнер орталығы былтыр ашылған. Кең әрі заманауи үлгідегі ғимарат құрылысына 3,7 миллиард теңге жұмсалған.
Мұнда концерттер, шығармашылық кештері мен түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталықта бірнеше шығармашылық ұжым орналасқан.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа...
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Orient Ceramic KZO компаниясының қыш тақта өндіретін зауыты, Fabe Agro жылыжай кешені, With You қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорны, Seven Rivers Technologies компаниясының шыны ыдыстар өндірісі және басқа да жобалар жөнінде баяндалды.
Президентке шыны кластерін дамыту және бу-газ қондырғысы, тау-кен байыту фабрикасы, кальцийлендірілген...
Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік Рәміздер аллеясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлттық мереке - Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
Елдік рухты асқақтатып, ұлттық бірегейлікті, тәуелсіздік құндылықтарын және ұлттың мәңгілік мұратын айшықтайтын бұл рәсімге құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы...
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған басқарма, департамент, құқық қорғау органдарының басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мерекелік іс-шарада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік...
Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бір аптаға созылған жарыста Қызылорда облысының спортшылары табысты өнер көрсетті.
Сыр құрамасы жалпы есепте екі күміс және үш қола медаль иеленді. 55 келіде Нұрсұлтан Алтынбек пен +90 келіде Аслан Елдібайұлы күміс жүлдегер атанса, 48 келіде Ақбота...