spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтар21 тонна есірткі тәркіленді

21 тонна есірткі тәркіленді

Jaqtime.kz Ішкі істер министрлігі елімізде жүріп жатқан «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындысын жариялады. Еліміздің оңтүстік өңірлері мен көлемі 60 мың гектардан асатын Шу алқабы есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіруге қолайлы аймақ болғандықтан, бұл аумақтарға баса назар аударылып отыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстың жолын кесу үшін биыл заманауи технологиялар – ғарыштық мониторинг, авиация және арнайы ұшу аппараттары белсенді қолданылуда. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде операцияның алғашқы үш айында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді:

  • 2 мыңнан астам есірткі құқық бұзушылығы тіркеліп, олардың жолы кесілді;

  • 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды;

  •  21 тонна есірткі тәркіленді;

  • Өсімдіктерді заңсыз өсірудің 256 фактісі анықталып, ондаған плантация жойылды;

  • Жасанды жағдайда есірткі өсіруге арналған 25 фитозертхананың жұмысы әшкереленді.

Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған «Қарасора – 2026» іс-шарасы әлі де жалғасып жатқанын және бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда екенін мәлімдеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР