spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданыЖұмысшы кадрларды даярлау мәселесі қаралды

Жұмысшы кадрларды даярлау мәселесі қаралды

Jaqtime.kz Үкімет отырысынан кейін Қызылорда облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің жалғасы ретінде, Жаңақорған ауданы басшылығының қатысуымен маңызды жиын өтіп, онда «Жұмысшы кәсіптері бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдері туралы» өзекті мәселе жан-жақты қаралды.

Жиында көтерілген міндеттерге сәйкес аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда аудандағы аграрлық-техникалық колледж жұмысшы кадрларды даярлау бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Атап айтқанда, колледж бен ірі өндіріс орындары арасында кәсіпорындардың нақты қажеттілігіне сай мамандар даярлау және қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру бойынша тиісті келісімдер жасалған.

Аудан әкімі еңбек нарығындағы шынайы сұранысты терең зерделеп, жұмыс берушілердің қажеттілігіне сәйкес білікті мамандар даярлау жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтіп: «Еңбек нарығының сұранысына сай білікті жұмысшы мамандарды даярлау – маңызды міндет. Осыған орай колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтіп, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыруды және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырамын», – деді.

Сонымен қатар мәжіліс барысында күн тәртібінен тыс ауданның эпизоотиялық ахуалы, бюджет кірістерінің орындалуы және тарихи-мәдени мұра нысандарының құжаттарын әзірлеу мәселелері де назардан тыс қалмай, кеңінен талқыланды.

Аталған бағыттар бойынша жауапты сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріліп, олардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қатаң міндеттелді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР