spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарДәрігерлер 740 грамм салмақпен дүниеге келген сәбидің өмірі үшін 80 күн күресті

Дәрігерлер 740 грамм салмақпен дүниеге келген сәбидің өмірі үшін 80 күн күресті

Jaqtime.kz Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері 26 аптасында дүниеге келген салмағы 740 грамм сәбиді 80 күн бойы күтіп-баптап, аман алып қалды.

Анасының плацентасы ажырап, қан кету қаупі туындағандықтан, шұғыл түрде кесарь тілігі жасалған. Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап қарқынды көмек қажет болған нәресте 40 күн бойы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында, ал екі аптаға жуық СИПАП жүйесінде тыныс алды. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 56 күн жатқан сәби жағдайы жақсарған соң оңалту бөліміне ауыстырылып, 80-тәулікте үйіне шығарылды.

Дүниежүзілік банк, ДДҰ және ЮНИСЕФ деректерінше, Қазақстан неонаталдық көмек көрсету бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Еліміздегі неонаталдық өлім көрсеткіші 1000 балаға шаққанда 3,04 жағдайды құрайды, бұл – өңірдегі ең үздік нәтиже және АҚШ деңгейіне жуық. Заманауи технологиялар мен дәрігерлердің кәсібилігі арқасында шала туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші соңғы жылдары төрт есеге артты.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР