spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтар“Есірткісіз болашақ: қоғам үні”

“Есірткісіз болашақ: қоғам үні”

Есірткі. Нашақорлық. Еліктеу. Бұл сөздер өкінішке орай өрімдей қаншама жастың болашағына балта шауып, өмірінің ертеңіне көлеңке түсіруде. Бір сөзбен айтқанда қоғамның осы бір дерті жастарды түзу жолдан адастырып, денсаулығын ұрлауда.

Фото (ЖИ)

Әлеуметтік желіде күнделікті алдамшы нәрсеге алданғанды, неше түрлі оқыс оқиғаны, келеңсіз жағдайды оқып, ақпарат құралдарынан естіп-біліп отырмыз. Бұл біз сияқты еліміздің болашақ ұрпақтарына кері әсерін бермей ақ пен қараны айыра алатын, озық ойлы жас болып өсуімізге ой салады.

Сондықтан есіркі адамды уақытша алдап, денсаулыққа кері әсер беріп, арманымызды, болашағымызды жоятынын терең ұғынуымыз қажет. Сондай-ақ әрбір басқан қадамымызды нық басу үшін өзімізден бастап есіркіге “жол жоқ” деп, төтеп бере алуымыз керек.  Себебі біз болашақтың иесіміз. Біздің қолымызда арман бар, мақсат бар, ата-анамыздың үкілеген үміті мен сенімі тұр. Ал есірткі — сол өмірді бір сәтте құртып жіберетін қауіпті жау. Сол себепті біз болашағымыз жарқын болуы үшін салауатты өмірді, кітап оқуды, жарқын болашақты таңдаймыз!

Назгүл Сейтқазы,

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жөлек ауылы №152 орта мектебінің 9 сынып оқушысы

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР