Jaqtime.kz Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында финалға шыққан алғашқы қазақ белгілі болды.

74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда жапониялық Ёсиносуке Аоягиді жеңіп, алтын жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Финалдық белдесу 1 қараша күні өтеді.



