Jaqtime.kz Туризм және спорт министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді ынталандыру туралы арнайы қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ үздік алтылыққа енген спортшыларға ақшалай сыйақы төленеді.

Мемлекеттік марапатқа пара биатлон, пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасында топ жарған Ербол Хамитов, Александр Герлиц және Владислав Кобаль ие болды. Сонымен қатар, бұл қаржылай қолдау спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да берілді. Сыйақыдан бөлек, Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі: әкімдік жеңімпаз спортшыға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер бөледі.



