Jaqtime.kz Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Фото (Ақорда)
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, алдағы мақсат-міндеттерді айқындау және тәуелсіздік пен егемендікті нығайту мәселелеріне тоқталды.
Президенттің айтуынша, алға қойылған міндеттерді нәтижелі орындау үшін қоғамда татулық пен бірлікті сақтау маңызды.
«Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде қоғамда талап пен тәртіпке басымдық беру қажеттігін атап өтті.



