Президент пәтер кілтін кімдерге үлестірмек?
Jaqtime.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медиа саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың жаңа кезеңін жариялады. Осыған дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда тек Астана қаласының өзінде 200 журналист баспаналы болған еді. Енді Президент бұл бастаманың ауқымын аймақтарға қарай кеңейтуді тапсырды.

(Фото aqorda.kz)
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен сапалы хабар тарату жолында күндіз-түні еңбек етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегі еленуі тиіс. Осы тапсырма аясында биыл алғаш рет облыстарда қызмет ететін журналистерге де пәтер кілттері табысталады. Жалпы алғанда, осы жылдың ішінде еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкері жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі.